«Шымкент» медресе-колледжінің студенттеріне кәсіптік бағдар беру бойынша «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес, «Шымкент» медресе-колледжінің студенттеріне кәсіптік бағдар беру бойынша «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды.

Кездесуге «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, аталмыш оқу ордасының «Жастар ісі» жөніндегі меңгерушісі Бейбіт Битебаев, медресе ұстаздары мен студенттері қатысты.

Ұйымдастырылған басқосуда «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай студенттерге ілім, білім алудың маңыздылығы, тәрбие мәселелері жөнінде дәріс оқып, мол ақпарат берді. Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты тұшымды жауап берілді.