“Шымкент медресе” колледжі 22-наурыз ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық құндылықты дәріптейтін іс-шара атқарды. Колледж директоры Т.Ш.Әсембай мырза колледж қызметкерлері мен студенттерді аталмыш мейрамның артықшылығы мен ерекшелігін дәріптей отырып, құттықтауын жеткізді. Қазақтың діні мен дәстүрін ұштастыра отырып, азан шақырып ат қою, бесікке салу, кір тасын көтеру, ләңгі тебу сынды шаралар арқан тарту ойынымен мәресіне жетті. Рухани бағытта қала имамдарының лекциялары мен жыр, терме, күйлер орындалды.
“Шымкент медресе” колледжі 22-наурыз ұлыстың ұлы күні қарсаңында
