“Шымкент медресе” колледжінің 2024-2025 оқу жылының түлектерімен жұмыстар

“Шымкент медресе” колледжінің 2024-2025 оқу жылының түлектерімен ХУСАМУДДИН ӘС-СЫҒАНАҚИ атындағы ислам институтының директоры Бағдат Манабаев Маханұлы мырза кездесу өткізді. Студенттердің колледж қабырғасынан алған білімдерін шыңдау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қолдау тапқан аталмыш оқу орнында білім алып, елге ілімді азаматтардың еңбек етуі сөз болды. Шет елдерде алынатын білім жүйесінің елде ұйымдастырылып жатқанынана разы болған студенттер алдағы уақытта оқу орынына түсетіндерін жеткізді.