
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Наиб мүфтиі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі
Сансызбай Құрбанұлы Шоқанов ұстазбен кездесу өтті. Шымкент қаласында өткен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастауымен өткен “Ихсан — рухани тәрбие мектебі” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жалғасы “Шымкент медресе” колледжі студенттерімен ілім іздену бағытында өрбіді. Болашақ дін қызметкерінің жауапкершіліктері мен ұстанымдары жайлы сұрақтарға жауап берілді.

