Республикалық олимпиада болып өтті

2025 жылдың 25-26 сәуір күндері Астана қаласында ҚМДБ тарапынан ұйымдастырылған медресе-колледж студенттері арасында Республикалық олимпиада болып өтті. Аталмыш білім сайысына республикамыздың барша діни оқу ошақтарынан өте білімді студенттер бақ сынады. “Шымкент медресе” колледжі студенттері арасынан Мухаммед Ахмад Бекгалиұлы, және Балатауұлы Алтынбек, Ахматжанова Тахмина Октамжановна, Нишанбаева Муниса Хайдаркуловна қатысты. Білім сайысының жеңімпазы ретінде 1-орынды “Шымкент медресе” колледжі студенті Мухаммед Ахмад Бекгалиұлы және 3-орын иегері Балатауұлы Алтынбек танылып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіретіміздің қолынан марапаттау алды. Жаратушы Хақ Тағала ілім жолындағы әр бір білім алушының зейінін ашсын.